"Қызылсай" мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне қарасты қаумалдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына құрылған фототұзақтарына біршама аң-құстар түсіп қалған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
“Қызылсай” мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің директоры Мыңберген Қаратауов ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың біріне жабайы жануарларды қолдан суару әдісімен астаулар қойылғанын айтты.
«Нәтижесінде көптеген аң-құстардың су ішкенін фототұзақ орнатып, бақылап келеміз», -дейді Мыңберген Қаратауов.
Атап айтар болсақ, астаулардан су ішкен қасқыр, шибөрі, түлкі, қоян, қарақұйрық және де көптеген құс фототұзаққа түсіп қалған.
«Қазіргі таңда басқа жерлерге де астаушалар қойылып, қолдан суару жұмыстары жүргізіліп жатыр», - дейді Мыңберген Қаратауов.