Өмірзақ ауылындағы “Рауан” массивінде “Жайлы мектеп” жобасы аясында 300 орындық мектеп құрылысының жұмыстары жүріп жатыр. Мектеп құрылысы 2025 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Өмірзақ ауылының әкімі Бейсенғали Кенжалиевтің айтуынша, осыған дейін “Рауан” массивіндегі 400 бала Өмірзақ ауылына қатынап оқыған. Ал Өмірзақ ауылындағы N27 мектеп бала санының азаюына байланысты шағын жинақталған мектеп болады.
Осы жылы “Оймаша” тұрғын массивінен спорт кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Қазіргі таңда ол жерде футбол, волейбол үйірмелері жұмыс жасайды. Қосымша кикбоксинг пен флорбол үйірмесін ашу жоспарланып отыр. Жыл аяғына дейін қосымша тағы 2 футбол алаңын, 2 балалар ойын алаңын және 2 спорттық воркаут салу жоспарланған.