Бұл туралы облыстық аурухананың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
— Маңғыстау облыстық ауруханасына бес адам түсті. Олардың бірі — 1976 жылы туған әйел. Оң қолынан жарақат алған. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық емделуге жіберілді.
Біреуінің сол жақ білегі көгерген, екіншісінің белінде жарақаты бар екі ер адам амбулаториялық емделуде.
Тағы екі науқас ауруханаға жатқызылды, біреуінің сол жақ сан сүйегінің жабық сынығы, екіншісінің сол жақ сан сүйегінің ашық сынығы бар, — деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Еске салайық, жол-көлік оқиғасы 7 мамыр күні сағат 17:30-да 9"а" шағынауданында болған.