Таушық ауылында жаңбыр салдарынан арық толып, арнасынан тасып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің айтуынша, ауыл бойынша тұрғын үйлерге су кірген жоқ.
"Алайда, кейбір қора жайлардың маңынан су аққан. Қазіргі таңда ауылда жауын тоқтады. Дегенмен, ауа райы болжамына сәйкес тағы жауын болуы ықтимал. Арық бойларын тазарту, тұрғын үйлерге кіретін жол бойларын тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аталған жағдай әкімдіктің тікелей бақылауында.