© Фото видеодан скриншот
Энергостанция өкілдерінің айтуынша, жүргізіліп жатқан жұмыстар Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігіне әсер етпейді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ЖЭО-1 су алу арнасы 1-ЖЭО-ның технологиялық қажеттіліктерін теңіз суымен қамтамасыз етуге және бастапқы су ретінде «Каспий тұщыландыру зауыты» ЖШС ауыз суды дайындауға арналған. Алайда бүгінде теңіздің күрт таяздануына байланысты су алатын арнадағы су деңгейі төмендеп, кей жерлерде құрлық аралдары пайда болды.
Каналдағы теңіз суының қажетті деңгейін ұстап тұру және 1-ЖЭО мен «Каспий» тұщыту қондырғысы» ЖШС технологиялық процесінің тоқтап қалмауы үшін, «МАЭК-Қазатопром» ЖШС ЖЭО-ның су тарту каналында тереңдету жұмыстарын жүргізеді.
Тереңдету жұмыстары тереңдеткіш көмегімен механикалық жолмен жүргізіледі, ал каналдан айдалатын су ешқандай қоспасыз теңіз суы.