Ақтауда ауа-райы күрт өзгеріп, жауын-шашын жаууына байланысты "Қала жолдары" жұмысшылары күндізгі кезекшілікке шықты. Олар ең алдымен қаланың су жиналатын жерлеріне су алу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
МО ТЖД баспасөз қызметінің айтуынша, мамандар 14 шағынаудан Маңғыстау облысының әкімдігі маңы, 16 ш/а "Инара" тұрғын-үй кешені маңы, 30 ш/а "Олжа" сауда үйі маңы, 12 шағынаудан Мұнайшы, Сары базар, 16 шағынаудан "Ақтау" сауда орталығы, 14 шағынаудан "Астана" сауда үйі маңы, 8 шағын аудан 12 үй, 4 шағынаудан 39 үй, 1 шағынаудан стадион Каспий, "Аққала Молл" сауда орталығы, 31 мен 32 шағынаудан аралығы Салық Департаментi және 30 шағынаудан мен АқМаржан тұрғын үй кешені аралығы, 15 шағынаудан Амфитеатр маңында жүргізілді.
Бұл жұмыстарға 70 жұмысшы, 8 мотопомпа, 1 бойлер автокөлігі, 3 газель автокөлігі, 1 трактор прицеп жұмылдырылды.
Төтенше жағдайлар департаментінен күндізгі ауысымда жиналған суларды алуға 20 қызметкер, 5 өрт техникасы , 5 мотопомпа "КЖСА" МКК-нен 1 бойлер автокөлігі техникасы жұмылдырылды.
Қазіргі таңда Ақтаудан 7820 м3 су алынды, жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.
Сонымен қатар Жаңаөзен қаласы, Қарақия және Маңғыстау ауданында да жауын-шашын салдарынан су деңгейі көтерілген. 27 көше мен 47 ауланы су басқан. Қазіргі таңда мамандар 15 су басқан көшені сорып, 10 ауланы құрғатты. Су деңгейі 50 см болды.
Қазір Жаңаөзен қаласының көшелерінде 50 бірлік арнайы техника, 4 мотопомпа, 73-тен астам адам жұмыс істеп жатыр. Қазірдің өзінде 9698 м3 су сорылды.