Маңғыстау облысы Полиция департаментінде Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекелеріне орай салтанатты шара өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Шара алдында Маңғыстау облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Аян Дүйсембаев, ішкі істер органының ардагерлері және Полиция департаментінің жеке құрамымен қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан ішкі істер органы қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.
Содан соң Департамент бастығы Аян Дүйсембаев қатысушыларды мерекелерімен құттықтап, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығымен ардагерлер мен қызметкерлерді марапаттап, шендерді, құрмет грамота, грамота және алғыс хаттарды табыстады.
Іс-шара соңы жеке құрамның күшімен дайындалған мерекелік концертіне ұласты.