Форт-Шевченко қаласында Jalyn 3D кинотеатрының ашылу салтанаты өтті. Кинотеатр бір мезетте 200-ге жуық адамды қамтиды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Түпқараған ауданы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты жиында аудан әкімі Рахат Елтизаров халықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, кинотеатр жұмысына сәттілік тіледі. Ал кинотеатр лентасын Түпқараған ауданының құрметті азаматы Аманғали Күзембаев мен кино саласының ардагері Фабиян Жолдыбаева кесті.
"Кинотеатр ғимаратында кино залынан бөлек тұрғындар үшін жылдам дайындалатын жүгері, түрлі сусындар сатылатын орын және күту залы бар. Ашылу салтанатына орай "Лето 1941 года" фильмі тегін көрсетіліп, кинотеатр қонақтарына сусындар таратылды. Сонымен қатар 10 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр", - деді Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.