"Маңғыстау барысының" жеңімпазы белгілі болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Елге Қарабура деген атпен танымал бейнеулік балуан Нұрдаулет Жарылғапов "Маңғыстау барысы" атанды. ІІ орынды Мұнайлы ауданының балуаны Нұрлан Қайыпбергенов иеленді. Енді осы екі спортшы 6 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында болатын "Қазақстан барысында" облыс намысын қорғайды.
ІІІ орынды ақтаулық Ақылбек Қуанышбаев алды.
Айта кетейік, былтыр Нұрдәулет Жарылғапов "Қазақстан барысының" қола жүлдегері атанған еді.