«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ҚР Ұлттық экономика Министрінің 2019 жылы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 284 және 288-тармағына сәйкес "Billing Ok" ӨБ базасында ашылған барлық дербес шоттарда 2019 жылдан 2022 жылдың наурызына дейінгі аралықта есептелген ыстық судағы жылу құрамына қайта есептеу жүргізді.
Қайта есептеу 76 206 185 теңгеге «ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» РММ-нің 04.04.2022 ж. №2 нұсқауын орындау мақсатында жүргізілді.
2022 жылғы сәуір айындағы түбіртекте ыстық судағы жылу құрамы бойынша түзету бағаны және түзету сомасы енгізілген. Сондай-ақ түбіртектің төменгі жағында *белгісімен «Маңғыстау облысы бойынша ТМРКД нұсқауына сәйкес» деген ақпарат жазылған.
Жоғарыда көрсетілген қағида тармағына сәйкес Жеке есептеу құралдары жоқ тұтынушыларға — қайта есептеуде ыстық судағы жылу құрамының нормалары қолданылды, түзетудің жиынтық сомасы төлеуге тиісті сомамен қоса есептелді.
Мамыр мерекелеріне байланысты шот-түбіртектер тұтынушыларға 14 мамырға дейін жеткізіледі.