Ақтауда "Oil Services Company" ЖШС мекемесі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Балалық шақ ертегі - бақытты болсын ертеңі" мерекелік шарасын өткізді. Шараға мекеме жұмысшыларының балалары қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мерекелік шараны компанияның бас директоры Нүркен Таменов ашып беріп, балаларды мерекемен құттықтады. Сонымен қатар “Жас Батыр” манандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Жомарт Қобыланов пен Маңғыстау облыстық олимпиадалық резервін даярлау орталығының басшысы, ҚР самбо федерациясының 1 вице-президенті Манарбек Бисекенов жылы лебізін арнап, балаларға жарқын болашақ тіледі.
Шара барысында аниматорлық қойылымдар сахналанды, эстафеталық жарыстар ұйымдастырылып, сиқырлы шар ұшырылды. Сондай-ақ балалардың білімі мен талантын таныту мақсатында "Кім жылдам?", "Сұрақ-жауап", "Көңілді старт" атты арнайы бағдарламалар өтті. Балалар "Отаным - бақыт мекені" тақырыбы бойынша поэзия оқып, өнерін ортаға салды.
600-ден астам балаға арналған шара еркін әрі көтеріңкі көңіл-күйге толы болды. Ата-ана да, бала да ыстық ілтипатын жеткізіп, алғысын айтты.