
30 мамыр күні ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев Маңғыстау облысына іссапармен келді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комитет төрағасының орынбасары Ақтау қаласындағы барлық сауда базарларын аралады. Шараға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Дархан Абдалиев, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Дастан Мұраталиев, Маңғыстау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департамент басшысы Рауан Мухаев және қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі қатысты.
-ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев сауда базарларына модернезация жүргізу бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Сауда нысандарындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жасалып жатқан жұмыстармен танысты. Шара соңында кәсіпкерлермен сауда базарларына модернизация жасау бойынша және сауда саласына бөлінген несие қаражаты берілетіндігі жөнінде ақпарат берілді, - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Дархан Абдалиев.