Жақында мал шығынға ұшыраған жерге әкімдік қызметкерлері, карьер басшылығы мен экологтар аттанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жармыш ауылының іргесіндегі карьер аумағында орналасқан бұлақта өлген мал туралы жазған болатынбыз. Жергілікті тұрғындар айтқандай, бұрын бұлақ баурайдан төмен қарай ағып жататын. Ауылдың төрт түлігі сол жерлерден су ішетін. Қазір карьердің техникалық қажеттіліктеріне байланысты, кәсіпкерлер суды тоқтатты. Нәтижесінде аудан пайда болды. Алайда оған мал да, адам да қол жеткізе алмайды. Салдарынан су іздеген төрт түлік, әсіресе сиырлар батпақты жерде қалып қояды.
– Бұлаққа мал да, адам да емін-еркін бара алмайды. Себебі ол жеке учаскеде орналасқан. Бұрын су үнемі келіп тұратын, мал суаратынбыз. Карьер ашылғаннан кейін жол жабылды. Сонымен қатар, карьер иелері шлагбаум орнатқан. Өйткені бұл - индустриялық аймақ. Біз, Жармыш тұрғындары, бұған қарсымыз. Біздің талабымыз – судың жолын ашып, шлагбаумды алып тастау, – дейді ауыл тұрғындары.
Зертхана мен мемлекеттік экологиялық бақылау департаментінің өкілдері осы жерден қажетті сынамаларды алды. Айтпақшы, кәсіпкерлер өлген малдың шығынын тұрғындарға өтеп берді.