Екі ер адамды 4"А" шағынауданындағы жағалауда және теңізде іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Олар 19 сәуірде шамамен 20:55-те балық аулау үшін теңізге шыққан, бірақ ауа-райының нашарлауы мен дауылдың салдарынан жағалауға өз бетінше қайтіп орала алмаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іздеуге ТЖД-нің 13 қызметкері, 1 техника және 2 суда жүзу құралы жұмылдырылды. Сондай-ақ, іздеуге теңіз әскерилері мен 2 шағын күзет кемесі "Алматы - 303", "Тараз - 306" және 19 әскери қызметші де шықты.
"Маңғыстау облысының ТЖД желді күндері шағын кемелермен теңізге шығуды құптамайды, өйткені толқынды дауыл болуы мүмкін. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарға елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға және балық аулауға бармауға кеңес береміз", - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары, подполковник Бекболат Әбдіқадыров.