Маңғыстауда ластанған бұлаққа қатысты Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті жауап берді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Департаменттің айтуынша, аталған фактілерді анықтау мақсатында мамандар Маңғыстау ауданы әкімшілігімен бірлесіп жұмыс атқаруда.
"Департаментің мемлекеттік бақылау бөлімінің мамандары таңертең ерте аталған орынға шығатын болады. Тексеру нәтижелерінің қорытындысы қосымша хабарланады", - дейді Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ тұрғындардан табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың нақты фактілері, яғни жоғарыда фактіге қатысты немесе субьекті нақтыланған ақпараттар болған жағдайда (фото, видео) көрсетуге көмектесулерін сұрайды. Және 8 (701) 888-22-81 және 8 (708) 755-58-66 нөміріне қоңырау шалу сұралады.