Жаңаөзен қаласында ауыз су тапшылығын болдырмау үшін сәуір, мамыр және жаз айларында ауыз суды кестемен беріледі. Бұл туралы "Өзенинвест" МКК хабарлады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мекеменің айтуынша, қалада ауыз су мәселесі 2024 жылдың 4 тоқсанында толық шешіледі. Себебі Жаңаөзен қаласына дейін магистралдық су құбырымен Кендірлі демалыс аумағы, Тоқмақ жерінен қуаты тәулігіне 50000 м3 теңіз суын тұщыландыратын зауыттың құрылысы аяқталады.
Жауапты мамандар тұрғындарға келесі ұсыныстарды ескертті:
- Жеке тұрғын үйлердегі екпелерді суару үшін міндетті түрде тамшылата суару әдісін қолдану, алдын-ала су қорын жинақтау мүмкіндіктерін қарастыру (құдық, емкость т.б. болуы);
- Көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары ауыз суды үнемдеп, тиімді пайдалану, пәтердің ерекшелігін ескере отырып, белгілі бір мөлшерде су қорын жинақтау мүмкіндіктерін қарастыру.
Тұрғын үйлерге суды кестемен беру 18 сәуірден басталады.
"Сізден, күнделікті тұрмыстық және өзгеде тұтынуға қажетті су қорын жинақтап алуыңызды және түсіністікпен қарап, ауыз суды үнемдеп, тиімді пайдалануыңызды сұраймыз. Жеке тұрғын үйлерге жаз айларындағы екпелерге тамшылата суару әдісін қолдануды ұсыныс етеміз және суды үнемдеуде тиімді екендігін назарыңызға береміз", - деді "Өзенинвест" МКК.
1. Қалаға:
Күнделікті сағат 05.00.- 23.00.- дейін;
2. Рахат ауылының Ақсу ш/а, Кендірлі ауылы және Астана, Арай, Ақбұлақ, Бәйтерек ш/а:
Күнделікті сағат 06.00.- 12.00. - дейін;
3. Мерей ш/а:
Күнделікті сағат 12.00.- 18.00.- дейін;
4. Теңге ауылы, Рахат ауылының Рахат ш/а, Бостандық, Мамыр, Мұнайлы ш/а:
Күнделікті сағат 18.00.- 24.00.- дейін;
«Өзенинвест» МКК әкімшілігі.