Бұрын Pfizer вакцинасы белгілі бір санаттарға ғана қолжетімді болатын, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz coronavirus2020_kz сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның алдын алу және таралуы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.
Ведомствоаралық комиссия мынадай шешімдер қабылдады:
1. үй-жайларда міндетті түрде бетперде киюден бас тартуға;
2. медициналық ұйымдарда (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) медициналық бетперделерді міндетті түрде киюді;
3. адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан топтарда бетперде киюді сақтауға;
4. білім беру ұйымдарында кабинеттік оқыту жүйесіне рұқсат етілсін.
Сондай-ақ, Ведомствоаралық комиссия шешімімен Pfizer вакцинациясына жататын адамдар контингенті кеңейіп жатыр. Ол келесі категориялармен толықтырылады:
1. Осы вакцинамен профилактикалық егуді алғысы келетін алғашқы егу алушылар;
2. әртүрлі себептермен шетелге шығу үшін қайта вакцина алатын адамдар;
3. шетелде басталған вакцина курсын аяқтаған адамдар;
4. COVID-19-ға қарсы ревакцина алатын барлық топ.
Жиын соңында Ералы Тоғжанов әкімдіктерге коронавирус инфекциясына қарсы екпе науқанын ерекше бақылауға алуды тапсырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын сапалы жүргізу қажеттігін айтты.