Шолу алаңы туристерді тартып, өңірдің тартымдылығын арттырады деп есептейді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Блогер Азамат Сәрсенбаев Маңғыстауда көптеген туристік бағыт бойынша инфрақұрылым жоқ, сондықтан туристер аймаққа келген кезде аздап көңілі қалатынын айтады.
«Осындай туристік бағыттардың бірі – Қаракөл көлі. Бұл орнитологтар мен құс әуесқойлары үшін жұмақ мекен. Жыл мезгілінде қоныс аударатын құстардың 200-ден астам түрі жиналатын ерекше орын, бірақ бұл көлдің басты байлығы - жылына екі рет осында тоқтайтын қоқиқаздар. Менің ойымша, Қаракөл көліндегі құстарды бақылауға арналған шолу алаңын салу Маңғыстау облысының туристік әлеуетін ашуға жақсы көмек болады», - дейді Азамат Сәрсенбаев.
Фото А.Сәрсенбаев парақшасынан алынды