Ақтаудағы 26 шағынаудандағы №38 балабақшаның жабылғанына 12 жылдан асты. Ғимарат қолдан қолға өтіп, түрлі мекемелерге берілді. Содан кейін ғимарат бос қаңырап, тұрғылықты жері белгісіз адамдардың шоғырланатын жерге айналды.
Балабақша ғимараты 280 орынға есептелген, бұл ретте 26 шағынауданда балаларға арналған орын мәселесін шешуге болады.
«Сот арқылы ғимаратты қайтару үшін бір жылдай уақыт кетті. Бүгінде балабақшаны қайта жөндеу жұмыстары басталды», - деп жазды Ақтау қаласының әкімі.