Сорттық дода Алматы облысының Талғар қаласында өтті. Төрт күнге созылған жарысқа 100-ден аса мүмкіндігі шектеулі спортшы қатысты. Маңғыстау облысынан 11 спортшы бақ сынады.
Ерлер арасында PIUH-бір қолмен күресу(сол қол) бойынша +85кг салмақ дәрежесінде 1 - орынды Мерей Тәжіғұлов иеленді. Ерлер арасында VI - көру қабілеті нашар жандар арасында 60 кг салмақ дәрежесі бойынша 3-орын Аманжол Қилибаевқа бұйырды. Жүлдегер спортшыларды чемпионатқа жаттықтырушылары М.Абиев, С.Эдилов дайындады.
Жасөспірімдер арасында НІ-есту қабілеті нашар жандар категориясы бойынша +55 кг салмақ дәрежесінде 1-орынды Серікбай Бексұлтан алса, PIUH-бір қолмен күресу(оң қол) санаты бойынша 1-орынды Нұрлыхан Серіков иеленді.
Жасөспірімдер арасында НІ - есту қабілеті нашар жандар арасында +55 кг салмақ дәрежесінде 1-орынды Данакүл Ақылбек алды. PIUH-бір қолмен күресу(оң қол) санаты бойынша абсолюттік салмақ дәрежесінде 2 -орынды Нұртуған Қожабаев жеңіп алды. VI-Көру қабілеті нашар жандардың арасында 60 кг салмақ дәрежесінде 1-орын Дәурен Айшуаққа бұйырды.
Қыздар арасында HI-есту қабілеті нашар жандар арасында 55 кг салмақ дәрежесінде 1-орынға Гүлнәр Үкібай көтерілді. Ал HI - есту қабілеті нашар жандар санаты бойынша +55 кг салмақ дәрежесінде 1-орынға Диана Сақова ие болды. Спортшыларды жарысқа жаттықтырушылары Р.Исламғалиев, Ш.Үсенов, А.Нұралиев , Р.Мұстафа дайындаған.