Күн тәртібінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы талқыланды.
Жиында қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысы, қалалық мәслихат депутаты Анар Шамшадинова партияны жаңғыртудың бағдарламасын іске асырудағы алдағы міндеттер мен мақсаттарға тоқталып,
бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Партияның жас белсенділері де алда тұрған жауапкершілік пен жаңа идеяларды іске асыру жолдары бойынша ой білдірді.
Президент әр Жолдауында жастарға басымдық беретінін атап өтіп, Жаңа Қазақстанның құрылуына ақтаулық жастар да белсене атсалысатынын жеткізді.
Актив отырысының соңында филиал төрағасы Нұрдаулет Қилыбай депутаттар мен партия белсенділеріне алғыс айтып, жүйелі жұмыстар жүргізу арқылы халық тұрмысын жақсартуға күш салуға, Президенттің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын толықтай жүзеге асыруда қолдау көрсетуге шақырды.
- Біз өзгерістерді өзімізден бастауымыз керек. Депутаттар тұрғындармен ашық әрі шынайы болуы тиіс. Бос уәде емес, сөзден іске көшкен абзал. Халық мүддесіне бағытталған әрбір іске бірлікпен және жауапкершілікпен қарау керек, - деді Нұрдаулет Қилыбай.