Арман Молдашев 2003 жылы Х.Досмухамедов атындағы Атырау университетін, 2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік - гуманитарлық университетін, 2020 жылы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін бітіріп, құқықтану, кеден ісі,мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2007 жылы "Ақ-Жайық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жабдықтаушы болып бастаған. 2010 жылы Махамбет балық инспекциясы бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді. 2013-2014 жылдары "Орал-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы, 2014 жылы осы мекеме басшысының орынбасары болып қызмет етті.
2014-2021 жылдары "Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің инспекция басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Нұрлан Ноғаев басқарманың жаңа басшысына өңірдегі балық шаруашылығын дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.