Маңғыстау облыстық ТЖ департаменті 4 наурыз күні күндіз және 5 наурыз күні түнде өңірдің батысында қатты жаңбыр жауатынын ескертеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
4 наурыз күндіз облыстың батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, облыстың батысында екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с және одан да көп. Ақтауда 4 наурызда оңтүстік-шығыстан батысқа ауысатын жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының ТЖ департаменті аймақ тұрғындары мен қонақтарынан өте мұқият және сақ болуды сұрайды.
«Балкондар мен лоджияларды тексеру керек. Барлық жеңіл және көлемді заттарды бекітіңіз немесе бөлмеге өткізіңіз. Жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз. Мүмкіндігінше әйнекті ұрып-соғудан қорғаңыз және терезе рамаларын бекітіңіз. Балаларды ерекше бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау маңызды. Үйлердің қабырғалардың ығына тұрмаңыз, өйткені шатыр материалдары құлауы мүмкін. Ерекше қажеттіліксіз далаға шықпау ұсынылады", - деп хабарлады ТЖД.
Сондай-ақ, бұл күндері шағын кемелерде теңізге шықпаған абзал , өйткені толқын болуы мүмкін. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындарға елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға және балық аулауға бармауға кеңес береді.