2024 жылғы 10 мамырда Ұлы Көшбасшы Гейдар Әлиевтің туғанына 101 жыл толуына байланысты Әзербайжан Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде іс-шара өткізді.
Шарада Бас консулдық басшысы Эльчин Маммадов ұлт көшбасшысы Гейдар Әлиевтің өмірі мен саяси қызметі, Ұлы Көшбасшының достас қазақ халқына жанашырлығы, мемлекет басшыларымен тығыз достық қарым-қатынасы туралы жан-жақты ақпарат берді, сосын Қазақстан және осы саяси бағытты Ильхам Әлиев мырзаның табысты жалғастыруы туралы сөз сөйледі.
Сондай-ақ дипломат екіжақты және көпжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Одан кейін сөз алған университет ректоры Саламат Идырысов Ұлы Көшбасшы Гейдар Әлиевтің туған күніне орай дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан шараның маңыздылығына тоқталып, оның мол мұрасын насихаттауда ұстаздар қауымы мен студенттердің атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті. Бас консулдық олардың қызметін мойындауы олардың үлкен ынта-жігерін тудырды. Кейіннен Ұлы Көшбасшы мұрасын одан әрі насихаттау бағытында өткізілетін іс-шаралардың ауқымын кеңейтудің маңыздылығына тоқталған ректор бұл бағытта бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екенін атап өтті.
Шара соңында Ұлт көшбасшысы Гейдар Әлиев мұрасын насихаттауға белсене атсалысқан және университетті үздік бітірген 5 студентке Бас консулдық атынан алғыс хаттар мен марапаттар табыс етілді.