ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің құрамы өзгерді. Кеңес құрамында Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Аят Сүгірбай да бар, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Одан бөлек, жаңартылған жастар кеңесінің құрамына шаруаларға тегін мал азығын жеткізген Құрмет Болтахан, елге белгілі режиссер Қуаныш Бейсеков, қоғам белсендісі Дәулет Мұқаев, актер Асылхан Төлепов пен журналист Нартай Аралбайұлы енген.