Баянды ауылының тұрғыны Берекет Беков биыл 22 000 түп қызғалдақ отырғызған. Бұл оның отырғызған ең көп гүлі. Оның шағын жылыжайында қызғалдақтың 6 сұрпы бар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Оның айтуынша қызғалдақ аса күтім мен бапты қажет етеді. Тіпті осыдан 2 жыл бұрын еккен 22 000 түп қызғалдақтың тең жартысы ауырып, гүл ашпаған.
«Кейде еккен қызғалдағым дұрыс ашылмаса да, жыл сайын қызғалдақ отырғызу әдетімнен таймадым. Тұқымға Нидерландия Корольдігіне тапсырыс беріп алдырамын. Жыл сайын қазан айында тапсырыс берген тұқымдарым келеді де, сол айда отырғыза бастаймын. Қазаннан қаңтарға дейін суық жерде ұстаймыз. Қызғалдақты өсіру қиын. Тым ерте гүл ашуына да болмайды, 8-наурыздан кешігуге де болмайды»,- деді Берекет Беков.