14, 15 наурыз күндері Ұлттық ғылыми медициналық орталығының дәрігерлері Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында тегін қабылдау өткізеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық медициналық ғылыми орталығынан кардиохирург Оразымбетов Ерлан Жұмабайұлы, кардиолог-аритмолог Закарина Динара Маратқызы, кардиолог, ЭхоКГ-дәрігері Нұрақаева Сәуле Серікқызы келеді.
Нұр-сұлтандық дәрігерлер тұрғындарды Маңғыстау облысы ауруханасының кеңес беру-диагностикалық емханасында қабылдайды.
Қабылдау сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жүргізіледі.
Алдын ала жазылу үшін 8 777 550 25 26 нөміріне хабарласыңыз.