Ақтауда республикалық қолбасшылық және «Көктем – 2022» штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Негізгі мақсаты – азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын төтенше жағдайларды жоюға дайындау.
Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қалада 155 адам мен 40 бірлік техникаға шұғыл әрекет ету жасағының көрсетілімін өткізді.