Маңғыстаулық Раббым Борашев дәл қазір Баку қаласын артқа тастап, Грузия мемлекетінің шекарасына жеткен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Ол Парижде өтетін жазғы Олимпиадаға велосипедпен аттанған еді.
Велошабандоздың айтуынша, Маңғыстаудан бері 6 күн ішінде 560 шақырымнан астам жол жүріп өткен. Раббым Борашев құбылмалы ауа-райына қарамастан, өзі аялдаған әр елдің қонақжайлығы және Маңғыстау өңірінің қолдауының арқасында аман-есен сапарын жалғастырып келе жатқанын айтады.
Кешеден бері 82 шақырым жол жүріп өттім. Жауын-шашын, шекарадан өту, қаланы жүріп өту уақыт алады. Бірақ соған қарамастан сапарымды жалғастырып келемін. Менің сапарымды ұйымдастыруға көмектескен барша маңғыстаулықтарға рақметімді айтамын, - деді Раббым Борашев.