Ақшұқыр, Сайын Шапағатов ауылдарының бас имамы Мұхаммед Уфа жамағатпен бірге «Көз әулиеде» тасаттық, яғни, Истисқа намазын оқыды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Истисқа намазы – Алладан жаңбыр тілеп оқылатын намаз. Мұхаммед Уфа имамның айтуынша, Пайғамбар (с.а.с) кезінде қуаңшылық уақытында осы намаз оқылған.
Зекет малдың көбеюіне әсерін береді. Сол үшін зекет беру – әрбір мұсылманның міндеті. Ол – Алланың ақысы. Алланың ақысын бермесек қуаңшылық болады. Қуаңшылықтан сақтау мақсатында әрбір жағдайы жақсы адам көрші-көлеміне, ағайын-туысына қарайласып, зекет беріп, Алладан шынайы дұға тілеу керек. Біз тек қана дұға жасаймыз, ал жауынды беретін Алла. Апталап жауатын жаңбыр болуын тілейміз. Тілегіміз қабыл болсын!, - деді имам Мұхаммед Уфа.
Имам Истисқа намазын үш жұма қатарынан оқуға ниеттеніп отырғанын айтады.
Суреттерді түсірген Талант Құсайын