Ақтауда қатты желден жоғарғы және жаңа шағын аудандар зардап шекті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Төменгі шағын аудандарда тамырынан жұлынған ағаштар мен зақымданған автокөлік көп.
Желдің салдарынан тұрғын үйлердің қасбеті ұшып жатқандықтан, жаңа ықшам аудандарда кейбір үйлердің тұрғындары түнімен ұйықтамаған. Үйлердің қасбетіндегі материалдар ұшып, аулалардағы көліктерді зақымдап, кейбір үйлердің қаптамасы пәтерлердің терезін сындырған.
Коммуналдық қызметкерлер Ақтау қаласының ТҮКШ мамандарымен бірлесіп қала бойынша аралау жасайды.
"Ағаштарды жинау жұмыстары басталды. Қаланың барлық коммуналдық қызметтері қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылды", - деп хабарлады Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.