Ақтауда оқ тиген 16 жастағы тұрғынға операция жасалды. Қазір жағдайы – орташа ауырлықта. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Дәрігерлер науқастың кеуде тұсына ота жасап, оқты алды. Операция 40 минутқа созылды.
«Науқасқа эндоскопиялық операция жасалды. Қазір баланың жағдайы – орташа ауырлықта. Травматология бөлімінде емделіп жатыр», - дейді дәрігер.
Еске сала кетейік, оқиға 19 ақпан күні «Ақбота» саябағында болған. Жасөспірімге абайсызда оқ тиіп, бірден облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізілген болатын.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА