Ақтаудағы 19-шағын ауданның ішкі жолдарына асфальт төселеді. Қазір осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл облыс әкімдігінің телеграм каналына жолданған сұрақ-жауаптан белгілі болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Қала тұрғыны облыс әкімдігінің телеграм каналына 19-шағын ауданның ішкі жолдары нашар екенін айтып, асфальт төсеу керек деп шағым жолдаған. Желі қолданушысының сауалына Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Эльдар Машырықов жауап берді. Бөлім басшысының айтуынша, аталған ауданда автокөлік жолын салу жоспарда бар. Қазіргі таңда, жоба жасақталып, мердігер мекеме анықталған. Бюджеттен қаржы бөлінуіне қарай құрылыс жұмыстары басталады, дейді жауаптылар.
- Телеграм каналға жолданған сауалға қала әкімдігінің бөлім басшысы жедел жауап қайтарды. Жасалып жатқан жұмыстар жайында ақпарат берілді. Сауалына жауабын алған тұрғын рақметін айтты. Осы уақытқа дейін облыс әкімдігінің телеграм каналына 4147 сұрақ келіп түсті. Оның 4116 жауап берілді. Қазіргі таңда облыс әкімдігінің телеграм каналын қолданушылар саны 9003, - дейді МО ӘА «Қоғамдық коммуникация орталығы» КММ әлеуметтік желімен жұмыс бөлімінің маманы Аяжан Қайдар.