© Видеодан скриншот
Дәрігерлер 13 және 14 шағынауданда болған жол апатында зардап шеккен тұрғынның жағдайын айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оқиға 14 ақпан күні сағат 22:00 шамасында болған.
Жол-көлік оқиғасынан төрт адам зардап шеккен.
Маңғыстау облыстық ауруханасы баспасөз қызметінің айтуынша, дәрігерлер көмегіне зардап шеккен жаяу жүргінші жүгінуде. Қалған үш адам үйіне жіберілген.
«Зардап шеккен науқастың жағдайы – орташа ауырлықта. Тобық буынының ашық алдыңғы дислокациясы, жабық кеуде жарақатын алған», - дейді облыстық аурухананың баспасөз қызметі.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, Hyundai Accent автокөлігінің жүргізушісі қиылыстан тыс жерде солға бұрылу кезінде басты жолда қозғалып келе жатқан Montero Sport автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан. Содан соң Montero Sport автокөлігінің жүргізушісі жол жиегінде такси тоқтатып тұрған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Hyundai Accent автокөлігінің жүргізушісі жолдың жиегінде тұрған Toyota Fortuner көлігімен соқтығысып, қарсы бағытқа шығып кеткен.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА