36 жастағы ақтаулық Гауһар Ешмұханова жуырда 10-шы сәбиін дүниеге әкелді. 5 қыз, 4 ұлдан кейін туылған нәрестенің есімін Самир деп қойған.
Бүгінде көп балалы отбасы бірнеше салада жеке кәсібін өрбітіп, ірі жобаларды іске асырып келеді.
Жас ана жақында Қазақстанның түкпір-түкпірінен жетістікке жеткен тұлғалар арасындағы People Awards премиясының «Жыл кәсіпкері» аталымы бойынша үздік деп танылды.
- 10 баланың тәрбиесімен қатар әр ана өз ісін жүргізіп, дамуға мүмкіндік бар. Әрине ол қажырлы еңбекті қажет етеді. Біз көптеген қиындықтардан өттік. Бірақ мойымадық. Міне бүгінде еңбегіміздің жемісін көріп отырмыз. Біз жасай алсақ, басқалардың да қолынан келетіні сөзсіз, - дейді Гауһар Ешмұханова.
Сонымен қатар, Ешмұханавтор отбасы қайырымдылықпен айналысып, көп балалы отбасыларға көмек қолын созып тұрады.