Ертең Маңғыстау облысының батысы мен орталығында тұман күтіледі. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ескертіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, «13 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында және орталығында тұман күтіледі. Ақтау қаласында 13 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі» деген ұялы телефон арқылы SMS хабарлама жолданды.
Қолайсыз ауа –райы жағдайында жаяу жүргінші өте мұқият болу керек. Сондықтан мамандар тұман кезінде жүргізушілерден жылдамдықты төмендетіп, алда келе жатқан көліктен қашықтықты ұлғайтуды сұрайды.