Өңірде коронавирус жұқтырған адам саны артты. Бұған жаңа жылдық мерекелер кезінде маска режимін және басқа да карантиндік шектеулерді сақтамау себеп болған. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығының алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«2021 жылдың 29 желтоқсаны мен 2022 жылдың 11 қаңтары аралығында 314 жағдай тіркелді. Өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдықтың 5,2%-ға артуы байқалады», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров.
Еске салайық, өткен тәулікте облыста 156 коронавирус инфекциясы анықталған. Бүгіннен бастап Маңғыстау «сары» аймаққа өтті.