Кеше облыста коронавируспен 28 адам тіркелсе, соңғы тәулікте олардың саны 156 адамға жетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ал 4 адам аурудан айыққан.
Бүгінге дейін 192 956 маңғыстаулық коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін, 175 285-і екінші құрамдас бөлігін алған.
Айта кетейік, коронавирустың таралуы бойынша Маңғыстау облысы «сары» аймаққа өтті.