Маңғыстау облысы бойынша жағдай тұрақты, құқық қорғау органдарының қатаң бақылауында.
Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген.
Еріктілермен полиция қызметкерлерінің патрулдеуі ұйымдастырылған.
Тәулік ішінде коменданттық сағат кезінде көшеде бейсауат жүрген 70 азамат анықталды. Өзімен бірге жеке куәлігі болмаған және мақсатсыз жүрген 13 жас азаматтар анықталып, оларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Қалған азаматтармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Біздің басты мақсатымыз – көшедегі тәртіпті қамтамасыз ету, әрбір тұрғынға назар аудару.
Полиция қызметкерлерінің Заң талаптарына түсіністікпен қарайтын және коменданттық сағат режимін қатаң сақтайтын азаматтарға ерекше алғысымды білдіргім келеді.
Ақтау және Жаңаөзен қалаларына кіреберістерді және Атырау облысы жағынан Бейнеу кентіне шығатын жолдарда 8 блок-бекеттің қызметі жалғасуда.
Тәулік ішінде 1 ұсақ тонаушылық жасалды.
Рұқсат қағазын сұрау туралы азаматтардың өтініштерінің көбеюіне байланысты рұқсат құжатын беретін орталық – Ақтау қаласы, 19 «а» шағын аудан, 1/2 ғимаратында орналасқан Қабибола Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасына ауыстырылды.
Өңірдің кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс жасайды, шектеулер тек коменданттық сағат кезінде іске асады.
Енгізілген төтенше жағдай режимінде тұратын мекен-жайынан тысқары жерде жүрген кез-келген тұрғындар өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжатын, яғни жеке куәлігін алып жүруі міндетті.
109 нөмірі бойынша колл-центр әдеттегідей жұмыс жасайды.
Маңғыстау облысының коменданты Бақтыбаев Жанарбек