Бүгін, 7 қараша күні 29 "а" шағынауданындағы кешенде жарылыс болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сағат 21:25 шамасында Маңғыстау облысы ТЖД-не қоңырау түскен.
«101» аға диспетчерінен 29 «а» ықшамауданында белгісіз жағдайда жарылыс болғаны, оның салдарынан құрылыстың толықтай қирағандығы туралы ақпарат келіп түсті. Әзірге зардап шеккендер жайлы ақпарат келіп түскен жоқ», - деп хабарлады облыстың ТЖМ баспасөз қызметі.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің 17 қызметкері мен 5 бірлік техника, «ЦМК» ММ-нің 3 қызметкері және бір техника шықты.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА