2 қараша күні Yessenov University Президенті Берік Ахметов АҚШ Елшілігінің мәдениет және білім мәселелері жөніндегі атташесі Эмбер Ора және Айова университетінің өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Кездесуге Айова венчурлік мектебінің Адъюнкт-лектор-нұсқаушысы Грегг Баркус, Халықаралық бизнес институтының профессоры және гранттық бағдарламалардың әкімшісі Келли Бедеян қатысты.
Университет ректоры Берік Ахметов делегация өкілдеріне АҚШ-тың Айова университетінен Есенов университетінің қабырғасында қосымша басқарушылық білім беру, жалпылама шетелдік жоғарғы оқу орындарына дайындайтын оқу бағдарламасын енгізу, Ақтау қаласында «American corner» АҚШ жөнінде ақпарат беретін орталық ашуды ұсынды.
Yessenov University баспасөз қызметінің айтуынша, Есенов университетінің Каспий кәсіпкерлік орталығы базасында екі ел ынтымақтастығы аясында Адъюнкт-лектор-нұсқаушысы Грегг Баркус «Кәсіпкерлік негіздері» оқу бағдарламасының оқытушы-менторларына арналған 3 күндік күндізгі тренинг өткізеді. Тренингте ұстаздар бизнес пен корпорацияларды дамыту, капиталдандыру және орындау стратегиялары, сондай-ақ технологияларды пайдалану туралы үйренеді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА