© Фото интернеттен алынды
Маңғыстау облысында банкрот деп танылған 8 мекеме 127 жұмысшыға қарыз, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Яғни аталған 8 мекеменің 79,2 млн теңге көлемінде жалақы берешегі бар.
«Қазіргі таңда «Ces Group» ЖШС мекемесінен 50 адам, «ПолиКом-Сервис» ЖШС-дан 7 адам жалақы ала аламай жүр. Сондай-ақ «Сартас-Теңіз порты» АҚ 7 адамға, «РИГ» ЖШС 39 адамға, «АқтауОйлМаш» 10 адамға қарыз. Ал «Kazoilserviceesegroup» ЖШС 3 адамның, «ConstructionEmpire» ЖШС 8 адамның және «Darston» ЖШС 3 адамның еңбек ақысын бермеген», - дейді Нұралы Баулыбаев.
Оқи отырыңыз: Маңғыстауда жыл басынан бері 2 адам кәсіпорында көз жұмған
Оның айтуынша, аталған жалақы берешектері банкроттық рәсімдер аясында өндіріледі. Банкроттық рәсімдерге бақылауды мемлекеттік кірістер органдары жүргізеді. Қазір жалақы берешегін өндіру жұмыстары жүріп жатыр.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА