Облыс орталығында сәнді жарықтандыру жұмыстары басталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
«Жұлдызды аспанның» ұзындығы 50 метрге дейін созылады. Яғни инсталляция 12 шағынаудандағы Ту тұғырдан Тобанияз монументіне дейін жалғасады.
Сонымен қатар облыс әкімдігі ғимаратына қарама-қарсы жол бойында 200 шаршы метр аумақты алып жатқан «Гүлдер алаңына» сәндік жарықтандыру қондырғысын қояды. Біз бұған дейін «пластик гүлдердің» орнына жарықтандыру жұмыстары жүргізілетінін айтқан болатынбыз.
Оқи отырңыз: Вакцина алмаған балалар мектепке кіруден шектеле ме?
Оған қоса «Әткеншек» және «Заманауи киіз үй» атты шағын сәулеттік формаларды орнатады. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар басталды. Қараша айында аяқталады деп жоспарланып отыр.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН