Биыл Жаңаөзен қаласында 108 пәтерлі екі көп қабатты түрғын үй пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық әкімдікке сілтеме жасап.
Мұнайлы қалада 8 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Соның бірі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған 160 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй кешені. Әрқайсысы 80 пәтерлі кешен 2 корпустан тұрады.
Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, нысан келесі жылдың қараша айында пайдалануға берілмек. Жаңа пәтерлер Жаңаөзен қаласы әкімдігінің тұрғын үй кезегіне тіркелген азаматтарға «Отбасы банкі» арқылы ипотекалық несиеге беріледі. Сонымен қоса, қалалық әкімдіктің мәліметінше мұнайшылар қаласындағы ескі үйлерді жаңғырту жұмысы да қарқынды жүріп жатыр.
- Қазіргі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қайтарымды қаражат есебінен Шұғыла шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр, - деді Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Берік Ізғалиев.