Тарифтер 2017 жылдан бері өзгерген жоқ, осы уақыт ішінде барлық шығын материалдары мен жанар-жағармай құны өсті. Бұдан басқа, халық кәсіпорынға шамамен 180 млн теңге қарыз болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қоғамдық ұйымдар, монополияға қарсы комитет және қалалық ТҮКШ бөлімінің өкілдерімен кездесуде «КЖСА» МКК директоры Бақыт Шапқан кәсіпорынның жағдайы туралы айтып берді.
"Бес жылдан бері біздің қызметіміздің тарифі өзгермеді. Жанар-жағармай материалдарының, құбырлардың бағасы өсіп келеді. Сондықтан біз тарифті көтеру мәселесін қарастыруымыз керек", - деді Бақыт Шапқан.
Қазір компанияның толық алынбаған табысы 117 млн теңгені құрайды. Жыл басынан бергі шығын 98 млн теңге. Сонымен қатар, қаладағы желілердің 70 пайызы тозған. Ал кәсіпорын жылына 8 шақырым құбырды ғана ауыстыра алады, одан артығына қаражат жоқ.