Облыс бес жылдан бері тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша үздік үштіктің қатарында. Осы жылдың соңына дейін 1407 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын аяқтау жоспарлануда, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша 305 пәтер салуға және сатып алуға 2,4 миллиард теңге қарастырылған. Сонымен қатар, жыл басында көпбалалы аналар үшін жаңа құрылыстардан пәтер сатып алуға ауданы 8400 шаршы метр болатын 153 пәтерге 1,3 млрд теңге бөлінді.
Қазіргі уақытта қалалар мен аудандардың әкімдіктері пәтер сатып алуға конкурс жариялады және пәтерлерді сатып алу бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, 2021 жылы «несиелік баспана» бағыты бойынша 1102 пәтерге арналған 102,688 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы аяқталады.
Инженерлік желілердің құрылысына Ұлттық қордан 4,5 миллиард теңге бөлініп, 13 жоба мақұлданды. Олардың барлығы осы жылдың соңына дейін аяқталады.