Жақында құрылған Кендірлі ауылының тұрғындарына жаңа мәдениет үйі пайдалануға беріледі.
300 адамға арналған ғимаратта кітапхан, көрермен залы, үйірмелерге арналған бөлмелер бар. Бүгінгі таңда қүрылыс жұмыстары 95%-ға аяқталған. Енді ішін жиһаздармен, музыкалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары қалды. Жаңа нысан ашылса, балалар түрлі үйірмелерге қатысып, жұмыссыз жүрген өнерлі жастар жұмыспен қамтылады.
_RRTmoxkzFdbpcHQoqQy7iWa3tIoSmY.jpg)
Ал салауатты өмір салтын насихаттау және балаларды спорт үйірмесімен қамтылуы желісін кеңейту мақсатында Ә.Тұяқов атындағы спорт кешенінің аумағынан үрмелі спорт кешенінің құрылысы салынып жатыр. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның демеушілігімен жобаға 6 779 500 миллион теңге бөлінген. Спорт кешенінің аумағы 65х27метр. Жоба 200 баланы қамтиды. Құрылыс жұмыстары қазан айына дейін жалғасады. Жаңа нысан пайдалануға берілсе, спортқа қызығушы жастар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан үрмелі ғимаратта емін-еркін жаттығады. Қазірдің өзінде Жаңаөзен жастарының спортқа қызығушылығы өте жоғары. Сондықтан заманауи спорт кешені оларға зор мүмкіндік болмақ.
_rL3IqaNcWRBTku9nFlNPv4W8Oa81Qx.jpg)
_UDhAIYIrgFB7yCzwy3wuyVBhKv7NOA.jpg)
Айгүл Орынбаева
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН