Маңғыстау облысында кеше 224 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оның 100-і Ақтау қаласының тұрғыны, 45-і Мұнайлы ауданының тұрғыны, 4-уі Түпқараған ауданының тұрғыны, 22-і Жаңаөзен қаласының тұрғыны, 12-і Маңғыстау ауданының тұрғыны, 9-ы Қарақия ауданының тұрғыны, 32-і Бейнеу ауданының тұрғыны.
Соңғы тәулікте 9 адам көз жұмды.
Науқастардың ішінде 175 адам симптомды, 49 адам симптомсыз коронавирус жұқтырған.