Кеше Ақтау қаласында карантин талаптарын сақтау бойынша мониторингтік топ Н2О түнгі клубында концерт өтіп жатқанын анықтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мониторингтік топ концерттің алдын ала жарияланған жарнамасын, әлеуметтік желілерде таратылған концерттен видео үзінділерді көрген. Сондай-ақ нысаннан шыққан қатты музыканы байқаған.
Мониторингтік топтың айтуынша, ғимарат қарауылы есікті ашудан бас тартқан. Алайда, Н2О түнгі клубының есігі құтқару қызметінің көмегімен ашылды. Бұған дейін де түнгі клуб иесіне карантин талаптарын бұзғаны үшін бірнеше рет акт толтырылған болатын. Енді заңға бағынбаған нысан иесіне тиісті шара қолданылмақ, делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.