• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 22 Қырк. 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Электр энергиясын талан-таражға салып жүрген кімдер?...

Кадрлық тәжірибе алмасу - маңызды...

Маңғыстаудың денсаулық сақшылары «Сенімге» сенеді...

Маңғыстаудың ұмытылған бұлақтарын зерттеу экспедициясы басталды...

Бибісара Асаубаева Маңғыстауға Азия чемпионы болып оралды...

  • USD: 425.75 ₸
  • EUR: 499.32 ₸
  • RUB: 5.85 ₸

"Еңбек" бағдарламасы: 12 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты

29 шілде, 15:42  |  Маңғыстау жаңалықтары

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Отырысқа партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Исахан Сағынбаев және орынбасары Мұханбет Жайлыбаев, партиялық бақылау комиссиясының инспекторы Арыстан Хибасов және комиссия мүшелері «Zoom» платформасы арқылы қатысты. Күн тәртібінде бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, халыққа сапалы қызмет көрсету сияқты мәселелер қаралды.

Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Мұқанбетжан Көбеген, аймақтық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсет Шопанов, өңірлік мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Данияр Жаналинов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Орынбасаровтың баяндамасы тыңдалды.

2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында Ақтау және Жаңаөзен қалаларында шағын несие беру үшін республикалық бюджеттен 700,0 млн теңге бөлінген. Қаражатты толық игеру қазан айына жоспарланған. Биыл 27 шілдеге дейін «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ арқылы 466,4 млн теңгеге 43 өтінім қабылданды, оның ішінде 294,3 млн теңге 28 шағын несие берілді, 53,3 млн теңгеге 4 шағын несие мақұлданды және 118,8 млн теңгеге 11 шағын несие қаралу үстінде. Сонымен қатар 143,3 млн теңгеге 10 кәсіпкер құжаттарын жинақтау үстінде. Жүйелі мәселелер қатарында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-да қызметкерлердің жетіспеушілігі себебінен Жаңаөзен қаласынан толық құжатпен дайын келген кәсіпкерлердің құжаттары уақытында қабылданбауда, осы мәселе кәсіпкерлердің наразылығын туғызуда. Айта кетейік, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының талаптарына сәйкес, 20 % стартап болуы қажет. Қазіргі таңда стартап жобалар 18% құрап отыр.

Баяндамашыға комиссия мүшелері сұрақтарын қойып, әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі ұсыныстарын айтты.

Жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 15 мыңнан (15 610 адам) астам адам қатысушы ретінде танылып, 13 мыңнан (13 438 адам) астам адамы әртүрлі жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Аталған бағдарлама шеңберінде биыл қаражат есебінен 124 адамға 773 млн теңге көлемінде шағын несие берілді және рефинансирование қаражаты есебінен 122,2 млн теңгеге 29 адамға несие берілген. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 769 адам онлайн оқыту арқылы оқуға жолданды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 48 адам қамтылды, жыл соңына дейін 403 адам қамтылу қажет. Бұл шараға жергілікті бюджеттен 56,8 млн теңге бөлініп отыр. 2021 жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен 607 адамға 354,1 млн теңге бөлінді. Бүгінгі күні 490 адамға 286 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді. Сонымен қатар жыл басынан бері Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде 12 мыңға жуық адам немесе бағдарламаға қатысушылардың 77 пайызы жұмысқа орналасты. Оның ішінде 7 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Облыстың коммуналдық желілері мен инфрақұрылым құрылысына бөлінген қаражаттар туралы есебі тыңдалды. Орталықтандырылған су жүйесімен қамту көрсеткіші қалаларда халық саны бойынша 100% құраған. «Нұрлы жер» және 2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында 2019-2021 жылдары сумен және су бұрумен қамту бойынша жалпы ұзындығы 1 188,74 км және құны 55,0 млрд теңгені құрайтын 35 жобаны іске асыруға бюджеттен 27,5 млрд теңге бөлінген.

Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде 31 түрлі мемлекеттік қызметтер бекітілген, оның ішінде 23 тегін түрде және 8 ақылы түрде көрсетіледі. Электрондық нысанда 5 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, 24 мемлекеттік қызмет түрі қағаз тасығышта және электрондық нысанда, 2 мемлекеттік қызмет түрі тек қағаз тасығышта көрсетіледі. Маңғыстау облысы мемлекеттік кірістер департаментімен 2020 жылы 1 896 072 мемлекеттік қызмет көрсетілген, электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлес салмағы 96,3 % құрады. Қызметтерді автоматандыруды үшін Ақтау мен Жаңаөзен қалалары, сондай-ақ Мұнайлы және Бейнеу аудандары бойынша МКБ электрондық кезек жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, салық төлеушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында бүгінгі күнге онлайн брондау қызметі www.kgd.gov.kz ресми интернет ресурсында, «eSalyk Azamat» мобильді қосымшасында арқылы қолжетімді. Департаментпен ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысына сәйкес 695 503 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде қағаз жеткізгіште 22 683 немесе 3,2% және электронды түрде 672 820 немесе 96,7% құрады. Сондай-ақ, барлығы 695 503 құрайтын мемлекеттік қызметтерді 401 499 жеке тұлғалар мен 294 004 заңды тұлғаларға көрсетілген.

Күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалып, сұрақтар қойылып, талқыланды. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аталған жұмыстарды жүйелендіру бойынша өздерінің ұсыныстарын берді.

342
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Маңғыстау мешіттеріне Ихсан кітабы таратылды

Келесі жаңалық

Жаңаөзенде жас IT мамандар мобильдi қосымша ойлап тапты

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      МәдениетСаясатМұнайлыӘдебиетанонсҚұқықМәселеЖарнамаБайқауБайланыс мәліметтеріӘлем жаңалықтарыEXPO - 2017

    Автордың басқа да жазбалары

    Мұнайлы ауданында жылыжай ашылады

    Кеше 20:16
    132

    Еңбекпен елін сүйсінткен отбасы

    Кеше 17:29
    189

    Жыл соңына дейін 4 мектептің құрылысы аяқталады

    Кеше 15:58
    241

    Ғазиз Надуев: Вакцина ұжымдық иммунитет қалыптастыруға мүмкіндік береді

    Кеше 15:23
    331

    Маңғыстауға Қостанайдан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы жеткізіледі

    Кеше 11:32
    130

    Құрық ауылында екі спорт алаңы жаңартылды

    Кеше 10:47
    103

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»